Келер жылдан бастап мүгедектігі бар адамдардың жәрдемақысы өседі

I топтағылар — 101 702 теңге, II топ – 81 362, ал III топқа берілетін көмек – 55 474 теңге алады. Мүгедектігі бала кезінен болса I топ- 101 702 теңге, II топ – 84 598 теңге, III топ – 74 428 теңге болады.

Оған қоса қажетті техникалық құралдар мемлекет есебінен беріледі. Ал биылдың өзінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша жоба іске асырыла бастады.

Елімізде бүгінде 734 мыңға жуық мүгедек куәлігі бар жан бар.