Келер жылдан бастап дәрігерлерге үстемақы төленеді

Туберкулез, қатерлі ісік секілді қауіпті ауруларды ерте анықтап, диагноз қойған дәрігерлерге үстемақы беріледі. Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысында медицина саласына келесі жылдан бастап енгізілетін өзгерістер жайлы айтылды.

Енді медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтарға сақтандырудың тоқтатылғаны туралы алдын ала ескертеді.

Тағы бір өзгеріс – медициналық ұйымдар қызмет көрсету сапасына қарай «жасыл», «сары» және «қызыл» аймаққа бөлінеді. Рейтингісі төмен мекемелерге арнайы мониторинг жүргізіліп, тиісті шара қабылданады.