Көз қуанды, көңіл жұбанды
Мемлекет пен қоғамның ертеңі үшін маңызы ерекшелігі қайталай беруді қажетсінбейтін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Конституциялық құқымды пайдаланып, ел қатарлы дауыс бердім.
Хақ Тәңірден Қазақстан мен оның халқына бейбіт аспан, тыныштық пен тұрақтылық, берекелі тірлік тілей тұрып, өз таңдауымды жасадым.
Тұрғылықты мекен-жайым бойынша сайлаушы ретінде тіркелген Ұлытау ауданының орталығындағы №724 сайлау учаскесіне келіп-кетіп жатқан қарасы қалың қауымды көріп, көз қуанды. Көңіл күйін сезініп, көңіл жұбанды.
Біздің әрқайсымыздың азаматтық белсенділігіміз бен жасаған таңдауымыз – киелі Отанымыз үшін аса маңызды.
Сол себепті баршаңызды сайлауда белсенділік үлгісін танытуға шақырамын.
Ахат Құрмансейітов,
Ұлытау аудандық мәслихатының хатшысы.