Кәсіпкерлікті қолдау – дамуға бастау

Бүгін Ұлытау облысы әкімдігінде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның жоспарлы отырысы өтті.

Отырыста шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары, бизнесті ашу үшін шығындар мен кедергілерді азайту туралы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару жағдайы туралы, облыс кәсіпорындарындағы қызметкерлер алдында жалақы төлеу бойынша берешек туралы мәселелер қаралды.

Бұдан басқа, әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі келесі облыстық үшжақты комиссия тағайындалды.

Сондай-ақ жиында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының республикалық кезеңіне қатысқан облыстың өнеркәсіп, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы, сонымен қатар, абаттандыру салаларындағы кәсіпорындары мен ұйымдарына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Алғыс хаттары табыс етілді.