Күн тәртібінде – күрделі мәселелер
Ұлытау облысы әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Күн тәртібіндегі мәселелерге көшпес бұрын өңір басшысы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысын, Ұлытау облысы Экономика басқармасының басшысын, Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушысын таныстырды.
Жиында өңдеу өнеркәсібі және машина жасауды дамыту, «Көмек-109» бірыңғай байланыс орталығы қызметінің мәселелері қаралды.
Алғашқы сұрақ бойынша Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының баяндамасын тыңдаған облыс әкімі мемлекеттік қолдаудың қолда бар барлық шарасын көрсету қажет екенін жеткізді. Бұл ретте өңір басшысы өнеркәсіпті дамыту қоры бойынша мемлекеттік қолдау шараларын зерделеу және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, потенциалды қатысушылардың пулын анықтауды және өтінім беру басталғаннан, лизинг және кредит беру құралдары арқылы қаржыландыруды алғанға дейін қолдау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар, жиында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков тұрғындар шағымына тәулік бойы жауап беретін «Көмек-109» байланыс орталығының маңызына тоқталды. Өңір басшысы бұл тұрғыда қала және аудан әкімдеріне коммуналдық қызмет көрсететін барлық кәсіпорынның тәулік бойы байланыста болуын қамтамасыз ету, әр кәсіпорында кезекшілік ететін қызметкерлерді бекіту және әлеуметтік желілердегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының түйткілді мәселелері бойынша тұрғындар шағымына қатысты шұғыл шара қабылдап, уақытында тиісті кері байланыс орнату міндетін жүктеді.