Ішкі істер министрлігі пранк түсіретіндерге үндеу жасады

Жыл басынан бері контент үшін қоғамдық тәртіпті бұзып, тұрғындарға қауіп төндірген 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. ІІМ «лайк пен қаралым үшін» орынсыз әзіл-қалжың түсіретіндердің жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

«Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын, дүрбелең туғызатын немесе зиян келтіріп, азаматтардың ар-намысын қорлайтын әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Блогерлік пен камераға түсіру құқық бұзуға сылтау болмауы керек. Қатігез пранктер мен қауіпті трюктер өнер емес, бұл — заң бұзушылық», – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.