Өңірлік комиссиясының отырысы өтті
Ұлытау облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Бәрекеновтің төрағалығымен азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық сызбаларды тексеру жөніндегі кезекті өңірлік комиссиясының отырысы өтті (әрі қарай — Комиссия).
Комиссия жұмысының басты мақсаты — инфляция деңгейін тұрақсыздандырудың сыртқы және ішкі тәуекелдеріне жедел ден қою, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, тиімсіз делдалдарды анықтау және алып тастау, сондай-ақ азық-түлік тауарларына, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық сызбаларды тексеру жөніндегі
іс-шараларды уақтылы жүргізу.
Отырысқа Ұлытау облысының тиісті басқармалары, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі және «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қатысты.
Отырыс барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен баға белгілеудің ағымдағы жағдайы туралы мәселелер қаралды.
Комиссия отырысында тиісті мемлекеттік мекемелерге қойылған міндеттерді сапалы іске асыру және әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларын сататын жосықсыз делдалдардың қызметін бақылау бойынша тапсырмалар берілді.
Комиссия жұмысының отырысын тұрақты негізде өткізу жоспарлануда.