Ипотека мөлшерлемесін төмендету кейінге қалдырылды
2024 жылы қабылданған шешімге сәйкес, ипотека бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға дейін төмендеуі тиіс еді. Алайда, бұл норма 2025 жылдың 1 қарашасына дейін кейінге шегерілді.
Осы уақыт ішінде қолданыста болатын шекті мөлшерлемелер:
▫️Ипотекалық қарыздар — 25%
▫️Кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары — 35%
▫️Кепілсіз қарыздар мен микрокредиттер — 46%
Егер қаулы өзгермесе, жаңа мөлшерлеме 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі.