Инвестиция тарту бойынша барлық үйлестіру жұмысы тікелей Премьер-Министрге жүктеледі – Президент
«Жаңа министрлік құрудың қажеті жоқ. Бірақ көзге оттай басылатын нәрсе: елімізде бірде-бір мекеменің атауында инвестиция деген сөз жоқ. Инвестиция тіпті жетім бала сияқты үш-төрт мекемеге ортақ мәселе болып, өз жолын таппай жүр. Сондықтан Премьер-Министр он күн ішінде нақты ұсыныс беруге тиіс», — деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиында.
Бұдан бөлек Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын мейлінше қысқа мерзім ішінде әзірлеуді тапсырды.