Инфрақұрылым — өзекті тақырып

Қазақстан Республикасындағы инфрақұрылымды нəтижелі жүзеге асыру үшін бірнеше аспектілердің үйлесім тауып, бірізді жұмыс істеуі өте маңызды. Осыған орай, мемлекеттің рөлі ғылым мен білімді дамытуға, жүйелі инновациялық инфрақұрылымды құруға, стратегиялық сипаттағы технологиялық кешенді құрастыруға жəне инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін институционалдық қолайлы шарттар жасауға көмектесуден құралады.

Мемлекет басшысы 2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі «Əділетті Қазақстан: құқық тəртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Инфрақұрылымға қатысты өзекті мəселелерді шешу қажет екендігін мəлімдеді. Сонымен қатар бұл жұмыстардың ең алдымен энергетика жəне коммуналдық шаруашылық саласында жүргізілуге тиіс екендігі туралы айтып өтті. Оның ішінде көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мəні айрықша басым екендігі туралы атап көрсетті. Еуразия құрлығының кіндігі саналатын еліміз үшін көлік инфрақұрылымын дамыту маңызды мəселелердің бірі. Көлік құралдары, теміржол вагондары мен кемелері, əуе жүктерін тасымалдау мен қоймалар, сонымен қатар цифрландыру жəне пайдалану тиімділігі де маңызды бағыттар саналады.Теміржол – Қазақстандағы жүк тасымалының негізгі түрі.Көлік, логистика дегеніміз елдің өз ішін, содан соң мемлекет пен мемлекеттің, құрлық пен құрлықтың арасын жалғайтын, соған сай жергілікті, республикалық, халықаралық маңызы бар деп өзгеріп отыратын жолдар. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында логистикалық нарықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар қалыптасқан. Алға қойылған мемлекеттік даму міндеттерін орындау үшін көлік логистикалық жүйені жаңғырту маңызды.

Елдос ОСПАНБЕКОВ,
«Ұлытау ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының міндетін атқарушы.