ІІМ оқушылар мен студенттерге ескерту жасады

Жазғы демалыс кезінде әлеуметтік желілерде «оңай әрі тез табыс табу» туралы жалған жарнамалар жиі таралады. Алайда олардың артында есірткіні тасымалдау, тарату, насихаттау немесе жарнамалау секілді заңсыз әрекеттер жасырынуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі осылай деп ескертті.

«Есірткіге қатысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Ең қатаң жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін. Бір ғана «жеңіл табыс» бүкіл өміріңізге балта шабуы мүмкін. Егер сізге күмәнді жұмыс ұсынылса, бірден бас тартыңыз. Жылдам табыс иллюзиясы үшін басыңызды қатерге тікпеңіз», — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.