Халықпен кері байланыстың ең тиімді жолы – ашық диалог
Президентіміздің Жолдауындағы халықпен тиімді кері байланыс орнату туралы ұсынысы қазіргі қоғамдағы маңызды қажеттілікке айналып отыр.
Мемлекеттік органдардың ашықтығы, олардың азаматтардың өтініштері мен мәселелеріне уақытылы жауап беруі – мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырудың негізгі шарттары. Қоғамдық диалог – халықтың сенімін нығайтудың және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің ең басты тетігі. Мемлекет халықтың қажеттіліктерін үнемі бақылап, оның мәселелерін шешуге шынайы назар аударғанда ғана дамудың тұрақты және үйлесімді жолына түсе алады.
Сонымен қатар, даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешудің негізгі қағидасы – ашықтық пен әділеттілік. Мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы сенімді қарым-қатынас диалог арқылы орнағанда, кез келген келіспеушілікті келіссөздер арқылы шешу мүмкіндігі артады. Мұндай қадам әлеуметтік шиеленістердің алдын алып, халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруға ықпал етеді.
Серік БАЙМАҒАМБЕТОВ,
Ұлытау ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы.