Үгіт-насихат жалғасуда
«Nur Otan» партиясының облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Серік ТӘШЕНОВ сайлауалды бағдарламамен таныстыру мақсатында Қарсақбай кенті мен Борсеңгір ауылына барып, тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде үміткер партияның сайлауалды бағдарламасын басты бағыттарын түсіндіріп, сайлаушылардың ұсыныстары мен сұрақтарына жауап берді. Осы орайда, үміткер азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, еліміздің тұрақты экономикалық дамуының көрсеткіші сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізу туралы баяндап, ауыл тұрындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған бағдарламаның басым бағыттарын айтты. Сонымен қатар ауылдың негізгі тұтқасы – мал шаруашылығы болғандықтан мал басын жұқпалы аурулардан сақтау шарасын түсіндірді. Өйткені, халықтың негізгі тұтынатын өнімдері: ет, сүт болғандықтан бұл өнімдердің сапалы, таза болу керектігін баяндады. Бұл бағытта үміткер өзі ауыл шаруашылығы маманы болғандықтан бірқатар мәселелерді қозғады. Әсіресе, мал басын жұқпалы аурулардан сақтау үшін уақытылы егіп-емдеу жұмыстарын жүргізетін ветеринариялық пункттерді ауылдарға салу жоспарда бар екенін жеткізді. Осы жоспарды жүзеге асыру мақсатында 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға сайлаушыларды шақырып, еліміздің жарқын болашағы үшін «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үндеді.
Қайрат ЖҰМАБАЙ.
(Материалды жариялау төлемақысы «Nur Otan» партиясы Ұлытау аудандық филиалының қорынан төленді).