Фракция отырысы өтті

Ұлытау аудандық мәслихатының депутаты Марфуға Әбілдинаның төрағалығымен Ұлытау аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті.
Аталған отырысқа Ұлытау аудандық мәслихатының төрағасы А.Құрмансейітов, фракция мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде 4 (төрт) мәселе қаралды:
«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты 2023-2027 жылдарға арналған Ұлытау ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы «AMANAT» партиясы Ұлытау аудандық филиалының атқарушы хатшысы Д.Жұманов баяндама жасады, индикаторлық көрсеткіштердің әр бағытының орындалысына жауапты болып бекітілген аудандық мәслихат депутаттарының жұмысы туралы айтылды.
Ұлытау ауданының спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы М.Оразалин «Ауданымызда бұқаралық спортты дамыту мәселелері туралы» хабарлама жасады.
«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржылық-кредиттік қолдау шаралары туралы атқарылған жұмыстар туралы» Ұлытау ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Г.Ауғанова хабарлама жасады.
Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Ташенова «Аудан бойынша балаларға, көп балала аналарға, мүгедектерге атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы» хабарлама жасады.
Хабарламашылар қойылған сұрақтарға, ұсыныстарға жауабын берді.
«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша 2023-2027 жылдарға арналған Ұлытау ауданының жол картасының индикаторлық көрсеткіштерінің орындалысын бақылау бойынша нақты тапсырмалар берілді.