Ертеңі кемел Егінді

Егінді ауылдық округі әкімі Марғұлан Әлмағанбетовтің 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебі

2020 жылы Егінді ауылдық округте біршама ауқымды жұмыстар атқарылды. Өткен есептік кездесулерде айтылған ұсыныстар мен сын-ескертпелердің орындалуына тиісті іс-шара жоспары жасалып орындалуы қадағаланды. Егінді ауылы ауданымыздың экономикасына сүбелі үлес қосып отырған іргелі елдің бірі, бұл ауылда ірі мал шаруашылығы мен егін шаруашылықтары бар. Округ әкімдік аппараты өзінің 2020 жылға және әр тоқсандық перспективалық іс-жоспарын талқылап бекітті. Онда негізінен өз отырысымызда төмендегі бағыттардағы жұмыстарды жүргізу жоспарланды.

  1. Шаруашылық саласы бойынша көктемгі күзгі егіс жұмыстарын ұйымдастыру;
  2. Шаруа қожалықтарына жеңілдетілген жанар-жағар май алу жолдарына көмектесу;
  3. Ауыл тұрғындарын, шаруа қожалықтардың малдарын қысқы жем-шөппен қамтамасыз ету, күзгі жиын-терін жұмыстарын ұйымдастыру;
  4. Тазалық айлығын жариялау;
  5. Ауыл мәдениетін көтеруге атсалысу;
  6. Округ бойынша кіші кәсіпкерлікті дамыту, заңды және жеке тұлғалардан мемлекетке түсетін алым салықтарды реттеу;
  7. Шаруа қожалықтарының «күн энергиясы» панельдерін алуына көмектесу;
  8. Шаруа қожалықтарының иелігіндегі жер телімдерін электрондық картаға түсіруді қамтамасыз ету және иесіз пайдаланылмай жер телімдерін анықтау, олардың жұмыс жүргізуіне ықпал жасау.
  9. Ауыл тұрғындарына әлеуметтік тұрғыда мемлекет тарапынан төленетін жәрдемақыларды тағайындауға көмектесу;
  10. Құзырлы органдардан келген хаттарды қабылдау және оған уақытылы жауап беру;

11 . Қабылданған құқықтық-нормативтік актілердің заңдылығын қадағалау;

  1. ТЖ-ның алдын-алу шараларын ұйымдастыру;
  2. Егінді селолық округінің 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық Даму бағдарламасын қабылдап бекіту;
  3. Жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін қабылдау және уақытылы жауап беру;
  4. Аудандық мәслихатқа алдағы жылдарға бюджеттік шығындардың өтінімін ұсыну;

Әлеуметтік сала бойынша

Cелолық округ бойынша 2020 жылы тұрғын 40 үй ауылда, 7 үй қыстақта тұрады. Оның ішінде 6 мүгедек, 21 зейнеткер бар. Селода әкімшілік, орта мектеп, селолық дәрігерлік амбулатория, клуб, кітапхана, «Қазпошта» мекемелері халыққа қызмет көрсетеді.

Ауылымызды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған арнайы салық режимі патентпен 1 дүкен жұмыс істеп тұр (Сыздықова Гүлнұр). 6 шаруа қожалығы егін салып, мал өсірумен айналысады. Ауыл әкімдігінде -9 адам, ОДА-5 адам, клуб-кітапханада-10 адам, мектепте 31 оқушы 17 педагог, 16 техникалық қызметші, мал дәрігері пунктінде-4 адам, аудандық ток мекемесінің өкілі -1 адам. ЖРЭК мекемесінің өкілі-1 адам жұмыс істейді. 2019 жылы еңбек биржасында 4 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, қазір оның 2-уі маусымдық жұмыспен қамтылды. Биылғы жылы селоға 1 жас отбасы көшіп келді, мектеп ұжымының қатары жас мамандармен толығуда, яғни биылғы оқу жылында 5 жас маман келді.

Патронаттық отбасы тәрбиесінде 3 бала тәрбиеленуде.

Ауылшаруашылық саласы бойынша

2020 жылы 6 шаруа қожалығы 4450 гектар жерге бидай, 500 гектар жерге арпа егіп 4227,5 тонна бидай 475 тонна арпадан өнім алды. Егінді селолық округінде желтоқсандағы мәлімет бойынша ірі қара мал басы 1295, жылқы 800, қой-ешкі 4000, құс-505 болды. Мал азығын дайындауға 8965 тн. жоспарланып, 8965 тн жем-шөп толықтай дайындалды. Село орталығына 1500 тн шөп дайындалып жиналса, ал ауылдық округтің 7 қыстағына барлығы 5000 тн шөп дайындалып жиналды. Биылғы жылы АҚ ҚазАгроҚаржы аясында Мустафин Ш/қ жаңа Essil КЗС 740-01 комбайнын 43 млн-ға сатып алды. «Нұрсая» ШҚ 1 (бір) асылтұқымды бұқа (1 бұқа — 310 мың теңге) сатып алынды.

Коммуналдық саласы бойынша

Селолық округ бойынша елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша 2020 жылғы №12 өкімдерін басшылыққа ала отырып бірқатар жұмыстар атқарылды.

Селодағы 40 үй әктеліп, күл-қоқыстары арнаулы ҚТҚ полигонына шығарылды. Күл-қоқысты шығаруға 1 жүк тиегіш трактор тіркемесімен қатысты. Ауыл бойынша 4,5 га жер аумақ тазартылып, 2 қураған ағаш, 300 тонна күл-қоқыс шығарылды. 50 түп ағаш отырғызылып, 6 гүлзар мекемелер маңына жасалды. Әр бейсенбі, сенбіліктер тұрақты өткізілді. Екі айлықты өткізуде нәтижелі жұмыстың барысында ешқандай айыппұл салынған жоқ. Төрт бұзылған үйдің орнын тазартып 900 тонна қоқыс сыртқа шығарылды.

ОДА, клуб үйі, мектеп, әкімшілік мекемелерінің көше жолдары жиектері тазартылып, ретке келтірілді.

Қараша айында аудандық дәрежедегі 32 шақырым жолды ауыл тұрғындары бірлесіп, қар ұстамау мақсатында жол жиегіндегі тал-шыбықтарын кесу жұмыстары жүргізілді.

Мамыр айында авариялық жағдайында тұрған 4 көше жарық шамдарының бағандарына тіреуіш бағандары орнатылды және 10 жарық шамы светодиотный жарыққа ауыстырылды. Бүгінгі күні 80 пайызы жанып тұр. Көше жарық шамы тұрақты берілуде.

2021 жылға абаттандыру бойынша жоспары: селода 30 түп ағаш, 10 көшеттер, 10 гүлзарын отырғызу және 6 баннер жасату жоспарлануда. Абаттандыру мақсатында ауылдағы 15 бұзылған үй мен 8 қораның жобалық-сметалық құжаты жасалынып, бюджеттен қаржы сұратылды.

Ветеринариялық қызмет саласы бойынша

Ауылымызда үй жануарларын егіп-емдеу, профилактикалық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Шаруашылықтар бойынша малдар егіліп, қан алынып, анализдер өз уақытында анықталуда. Мал басын бірдейлендіру жоспары толық орындалды, айырмашылықтар сәйкестендірілді.

Білім саласы бойынша

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» делінген. Егінді селолық округінде 0-17 жас аралығында 51 бала тіркелген. Оның ішінде 0-6 жастағы 26 бала. Мектеп ішінде «Балдаурен» шағын орталығында 14 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі балалардың шағын орталықтармен қамтылуы- 56%

Мектепте 2020-2021 оқу жылында 17 мұғалім жұмыс атқаруда 31 оқушы білім алуда. Оның ішінде: жоғары санатты – 2, 1-ші санатты – 2, 2-ші санатты – 3, санаты жоқ –9. Оқу жылы аяғында білім сапасы 75%. ҰБТ-ға мектеп бітіруші 1 оқушы қатысып, ҰБТ бойынша жалпы орташа балл — 89%. Қазіргі кезде Қарағанды қаласындағы медициналық университетінде білім алуда.

Мектепте көпбалалы 4 отбасы (балалар саны – 20). Тамыз және қыркүйек айларында «Мектепке жол акциясы өткізілді. Онда көпбалалы отбасы балаларына және патронат балаларға материалдық көмек көрсетілді. Мектеп пәндік кабинеттермен жабдықталған.

Мектепте патронаттық тәрбие жөнінде балалар үйімен жұмыс жүргізіліп, қазіргі таңда 3 бала 3 отбасында тәрбиеленіп жатыр. Алда әлі де жалғасын табу керек.

Мәдениет саласы бойынша

Клуб үйінде тұрақты 9 қызметкер, оның сыртында жылыту маусымында 2 от жағушы жұмыс істейді. Әрбір айтулы даталар мен мереке күндері клуб үйі әртүрлі тақырыптық, кештер, дөңгелек үстелдер мен мерекелік кештер, байқаулар өткізіліп тұрады. Ақпан айында «Екі жұлдыз» ән сайысы өтті. Абайдың 175 жылдығына арналған аудандық «Абайдың қара сөздері» жарысында С.Кеделов 2-орын иеленді.

Қыркүйек айында Ж.Сейіловтің 70 жылдығына орай концерт өтті.

Клуб үйінің ішінде ауылдық кітапхана жұмыс істейді. Кітапханада 6377 кітап қоры, 101 оқырман бар. Мерекелік күндеріне арналып, ауызша, диспуттар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруда. Кітаптарға, әр түрлі тақырыптарға шолу жасалады, кітап көрмелері ұйымдастырылады. Жаңадан келген кітаптармен, газет-журналдармен оқырмандарды таныстырылып тұрады. Елбасының Жолдауы, жаңалықтармен оқырмандар тұрақты танысып отырады.

Денсаулық саласы бойынша

Дәрігерлік амбулаторияда 2 фельдшер, 1 медбибі, 1 бас дәрігер, 1 тазалықшы, жүргізуші, от жағушы жұмыс істейді. Биылғы жылы 1 жас маман медбибі жұмысына орналасты. Дәрігерлік амбулатория мекемесі 1983 жылы типтік үлгіде салынған, су жүйесі қарастырылған. Бір жерден жеке жылу қазандығынан от жағып жылытылады. 2020 жылғы ұлттық скрининг бағдарламаға сәйкес 0-ден 14 жасқа дейінгі бойынша 18 жастан жоғары ауыл халқының барлығы қамтылған. Бағдарлама нәтижесі бойынша Жезқазғаннан 47 бала, 8 жасөспірім профилактикалық байқаудан өтті. Сонымен қатар ұлттық скрининг бағдарлама бойынша 18 жастан жоғары 49 ауыл халқы қамтылды. Село округіндегі қыстақтағы адамдар медициналық тексеріспен қамтылды. Ұлттық скрининг бағдарлама нәтижесі бойынша адамдар Жезқазған қалалық орталық больницаға жіберіліп, қосымша медициналық зерттеулер және дәрігерлік консультация тағайындалып, дәрігерлік ұсынымдар алынып отырады. Жезқазған қалалық орталық ауруханасынан порталмен 10 науқас дәрігерлік ем алып шықты. Өкпе құрт ауруына (туберкулез) шалдыққандар жоқ. Емдеу мекемесінде биылғы жылы жаңа жедел-жәрдем автокөлігі берілді.

Бүгін қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел! Ол — барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Ел бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі.

Сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын!