ЕЛОРДА ТОЙЫ – ЕЛДІҢ АБЫРОЙЫ

Ұлытау облысының орталығында Елорданың 25 жылдығына арналған мерекелік іс-шараның салтанатты ашылуы 100 күйші, 10 жетігенші , 100 бишімен қамтылған музыкалық-хореографиялық композициясымен басталды.

Мерекелік концертке арнайы шақырылған эстрада әншілері Сәкен Әлімханов пен Ұланғасыр Қами әсем әндерін тарту етсе, қаламыздың көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен Құрылысшылар алаңында концерттік бағдарлама өз жалғасын тапты.

Жаңартылған Арбатта қала тұрғындары суретшілер мен кітапханашылардың, жас кәсіпкерлердің арнайы көрмесін тамашалады. Сондай-ақ жиналғандар ерекше балалардың суреттерін көріп, оларға сыйлықтар тарту етті. Сонымен қатар, қала басшысы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының тазалық акциясына куә болды.

Арнайы жәрмеңке, спорттық жарыстар жоғары деңгейде өтіп, жанды дауыста жас музыканттар мерекені қыздыра түсті.