Елімізде «Құрметті донор» төсбелгісі қайтадан беріле бастайды

Ол үшін донор кемінде 40 рет қан не 70 рет қан плазмасын өтеусіз негізде өткізуі тиіс. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтты.

Мұндай төсбелгі 2009 жылы күшін жойған еді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда жоғарыда аталған мөлшерде қан өткізген 210 адам бар. Бүгінде төсбелгінің үлгісі әзірленіп жатыр деді Тамара Дүйсенова.