Елімізде екінші АЭС қайда салынатыны күзге қарай белгілі болады – Скляр
Бірінші вице-премьер екінші АЭС бойынша шешімнің бәрі күзге қарай шығады деген болжам айтты.
«Бұл мәселені созбайтын шығармыз. Сондықтан күзге қарай нақты сандар, қандай да бір деректер белгілі болатын шығар. Бәлкім одан ерте болуы мүмкін. АЭС салынатын алаңның мәселесі де сол кезде белгілі болатын шығар», — деді Роман Скляр.
Екі АЭС құрылысының нақты мерзімі мен құны техникалық-экономикалық негіздеме аяқталғаннан кейін белгілі болады.