Елімізде баланың денсаулық паспорты енді электронды форматқа ауыстырылады

Себебі бұл құжат қағаз түрінде болса, емханаларда ұзақ кезек күтуге тура келеді немесе деректер жоғалып кетуі мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, жоба тамыз айынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұл ата-аналар үшін де тиімді. Электрондық паспорт болса, «Еgov mobile» мен «eDensaulyq» электрондық қызметтері арқылы баланың денсаулығы туралы ақпаратқа тез қол жеткізуге болады.