Елге қызмет – ұлы міндет
Мемлекеттік қызметшілер – билік пен қарапайым бұқара халықтың арасын жалғайтын алтын көпір. Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Халыққа жақын болып, кез-келген жағдайда «қарақылды қақ жаратын» әділ болулары қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуға міндетті. Себебі, әлеуметтік-экономикалық, қоғамды-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты. Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Қазіргі күрделі кезеңде мемлекет алдында тұрған өзекті шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер, Мемлекеттік қызметшілер басқаларға өзінің ісімен, білім-білігімен, тәжірибесімен ғана емес, әділдігімен, қарапайымдылығымен, сабырлығымен, отансүйгіштігімен, қызметте қажыр- қайратымен кез-келген ортада үлгі болуы керек.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысындағы басты құрал – мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі. Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі мен сыбайлас жемқорлықпен бетін қайтаруы бірін-бірі толықтыратын фактор болып табылады. Сондықтан мемлекеттік органдардың осы бағытта жүйелі түрде жұмыс істеуі – бүгінгі күн талабы.
Ең негізгісі, мемлекеттік қызметшілер халықтын сенімін ақтап, Отанға қызмет етуі керек. Мемлекеттік қызметкерлердің көтеретін жүгі ауыр. Соған қарамастан олар елге адал қызмет етіп келеді. Мемлекеттік қызметші болу зор жауапкершілікті, абыройлы міндетті жүктейтіні сырт қараған адамға байқала бермейтіні рас. Оған лайық болу үшін бойында кәсіби біліктілігінен бөлек адами құндылығың да жоғары болуы тиіс. Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі соларға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, Мемлекеттік қызмет билік пен қарапайым халық арасындағы алтын көпір. Біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық!
Мадияр ТОРҒАЕВ,
Ұлытау аудандық Қазынашылық басқармасының басшысы.