Ел тұрғындары енді көлік нөмірін өздері таңдай алады
5 қаңтардан бастап ел азаматтары көлік нөмірін өз қалауынша таңдай алады. Бұл норма 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгенмен, аталған қызмет бүгіннен бастап қолжетімді болып отыр.

🔹Кез келген сан мен әріп комбинациясын 10 АЕК (43 250 теңге) немесе 15 АЕК (64 875 теңге) төлеп алуға болады.
🔹VIP-нөмірлердің құны – 57 АЕК (246 525 теңге) болып бекітілген.
🔹Осыған ұқсас сандар бірдей әріптер комбинациясымен таңдаған жүргізушілер 114 АЕК (493 050 теңге) төлеуі тиіс.
🔹100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, және 999 сынды сандар тізбегінің құны – 137 АЕК (592 525 теңге). Осы сандарға қоса бірдей әріптерді таңдайтын болсаңыз – 194 АЕК (839 050 теңге) төлеу керек.
🔹001-009 аралығы мен 777 сынды нөмірлер құны – 228 АЕК (986 100 теңге) болса, осы нөмірлер тізбегінде бірдей әріптен құралған комбинация үшін – 285 АЕК (1 232 625 теңге) шығындауыңыз қажет.
