Еңбек адамы – маңызды тұлға
Еңбек адамы – елдің тірегі, қоғамның дамуына зор үлес қосатын тұлға. Ол адал еңбегімен өмірін мағыналы етіп қана қоймай, өзгелерге үлгі бола алады.
Мұндай адамдар табандылығы, еңбекқорлығы, жауапкершілігі арқылы ерекшеленеді. Қай салада жұмыс істесе де, өз ісіне шын берілген еңбек адамы – мемлекеттің нағыз батырларының бірі. Олар күн сайын тер төгіп, қоғамның игілігі үшін жұмыс істейді.
Назар АЙТЖАН,
белсенді жас