Динара Зәкиева, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі: «Конституция жобасына сәйкес — балаларды тәрбиелеу, оларға қамқорлық жасау ата-ананың басты құқығы және міндеті

Динара Зәкиева, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі: «Конституция жобасына сәйкес — балаларды тәрбиелеу, оларға қамқорлық жасау ата-ананың басты құқығы және міндеті. Ал мемлекет балалардың құқығын қамтамасыз етіп, қауіпті жағдайларда немесе балалардың құқығы бұзылған жағдайларда араласады.
Мысалы, қазіргі таңда әлеуметтік салада мемлекет балалардың құқығын қамтамасыз етіп, отбасыларға қолдау және көмек көрсетеді. Осы бағытта қазіргі таңда елімізде түрлі 49 қызмет бар және 15 түрлі жәрдемақы көзделген.

