Әділет департаменті жылдық жұмысын қорытындылады
Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Әділет департаментінің 2024 жылда атқарылған жұмыстары туралы» тақырыбында өңірлік брифинг өтті. Баяндамашы Ұлытау облысы Әділет департаментінің басшысы ЛАУРА МОЛДАЖАНОВА.
Әділет департаменті 2024 жылы келесі бағыттар бойынша жұмыстар атқарды:
1. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жобаларына заң сараптамасы, НҚА тіркеу
Департаментпен жергілікті атқарушы және өкілді органдарының, сондай-ақ тексеру комиссиясының жобаларына заң сараптамасы жүргізіледі. Бүгінгі таңда 172 нормативтік құқықтық акт тіркелген. Заң сараптамасы 221 жоба бойынша жүргізілген, оның ішінде 85 әкімдіктердің, 136 мәслихаттардың жобалары бойынша. Сонымен бірге, Департаментпен құқықтық мониторинг жүргізіледі. Оның аясында заңнамаға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілер анықталады және сәйкестендіріледі. Осылай, Ұлытау облысы бойынша 36 НҚА анықталған, оның ішінде 32 НҚА заңнамаға сәйкестендірілді.
2. Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру, оның ішінде:
1) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу
2024 жылы 24 494 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 9 733-і немесе 39% — ы электрондық форматта көрсетілген;
2) заңды тұлғаларды тіркеу
2024 жылы барлығы 235 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 7-і электрондық форматта көрсетілді;
3) Ресми құжаттарға апостиль қою
2024 жылы апостиль қоюға 155 өтініш түсті, оның ішінде «Электрондық үкімет» порталы арқылы — 35.
3. Келесі бағыттардың бірі құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бағыты
Ұлытау облысы бойынша барлығы 39 нотариус және 1 адвокаттар алқасы жұмыс істейді. Коллегияға облыс бойынша барлығы 27 адвокат өз қызметтерін көрсетеді, оның 13 адвокаты департаментпен жасалған келісім бойынша кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегі аясында жұмыс істейді.
2024 жылы халыққа кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегін көрсету мақсатында бюджеттен 27 млн бөлінді, есептік кезеңде 5 888 тұрғынға тегін заң көмегі көрсетіліп, қаражат толық игерілді.
Құқықтық мәдениетін оқыту және азаматтарды тәрбиелеу деңгейін арттыру мақсатында Департаментпен барлығы 543 іс-шара ұйымдастырылған.
4. Зияткерлік меншік құқығын қорғау бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша 164 құқықтық түсіндіру іс-шаралары өткізілді. 2024 жылы «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының талаптарының сақталуына арыз негізінде жоспардан тыс 3 тексеріс жүргізілді. Түскен арыздар бойынша ӘҚБтК-нің 158–бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы тексерістер жүргізіліп, хаттама толтырылып, сотқа қарауға жолданды. Сотының қаулысымен жеке кәсіпкерлер ӘҚБтК-нің 158 — бабымен кінәлі деп танылып, жалпы соммасы 265 824 теңге айыппұл жазасы тағайындалған. Тәркіленген тауарлар саны — 186 дана, соммасы 971 500 теңге. Бүгінгі таңда айыппұл ерікті түрде толық төленіп, тәркіленген тауар толықтай жойылды.
5. Сот актілерін орындау
Атқарушылық іс жүргізу саласы неғұрлым сезімтал болып табылады. Ұлытау облысы бойынша барлығы 5 мемлекеттік және 22 жеке сот орындаушылары қызмет атқарады.
2024 жылы өндірісте 48 млрд. теңгеден астам сомаға 86 825 атқарушылық өндіріс болды. Оның ішінде 44 312 өндіріс аяқталды (4 млрд.теңгеден астам сомаға.). Аяқталған өндірістердің 26 938 немесе 72,6% орындалды (784 млн.тг сомасына). Көрсетілген санның едәуір бөлігін алимент өндіріп алу жөніндегі құжаттар құрайды. Облыс бойынша бұл өндірістің 6 мыңнан астамы немесе 12,8% — ы.
Алимент өндіріп алу
Алимент өндіріп алу бір реттік өндіріс емес. Процесс бала кәмелетке толғанға дейін бірнеше жылға созылады. Орындаудағы өндірістердің қалдығынан 168 (2,2%) проблемалы болып табылады, бұл ретте 71 (0,9%) құжаттар бойынша берешек 3 айдан асады және ішінара өтеледі (93 млн.теңге), 97 (1,3%) құжаттар бойынша берешек мүлде өтелмейді (231 млн. теңге).
Талдау көрсеткендей, алимент төлемеудің негізгі себептері негізінен борышкерлерде ресми жұмыс орнының, кірістің, өндіріп алуға болатын мүліктің болмауы болып табылады.
2024 жылы алимент төлемдері бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 77 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Қылмыстық кодекстің 139-бабы шеңберінде қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін ішкі істер органдарына 17 ұсыныс жіберілді, оның 11-і сотқа жіберілді, 6-ы қаралды және үкімдер шығарылды. 1 028 борышкерге қатысты елден шығуға уақытша тыйым салынды.
Әділет Департаменті әкімдіктермен бірлесіп борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін тұрақты негізде Бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Мысалы, есепті кезеңде осындай 79 борышкер жұмысқа орналастырылды.
■ «Цифрлық нотариат» нотариалдық қызметі бойынша жоба табысты іске асырылуда
■ Сонымен қатар, адвокаттық, нотариаттық, сот-сараптамалық қызметпен, жеке сот орындаушысы және патенттік қызметпен айналысу құқығына «аттестаттау реинжинирингі» бойынша жоба табысты іске асырылуда
■ Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру бойынша жобалар іске асырылуда
■ Азаматтарға «Е-заң көмек» жүйесі арқылы іске асырылатын заң көмегін көрсету бойынша процестерді автоматтандыруға маңызды мән беріледі
■ «Заңды тұлғалардың цифрлық сенімхаттары» жобасы сәтті іске асырылды.
■ Halyk мобильді қосымшасы арқылы «цифрлық келісімдер» жобасы
■ Өткен жылдың наурыз айынан бастап «Басқарма» қосымшасы арқылы мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ) қызметін цифрландыру жобасы іске қосылды
■ «Е-ЗАҢНАМА» ақпараттық жүйесінің заң шығару процесінің модулін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу бойынша жұмыс жүргізілді