Дихан Қамзабекұлы: Қазіргі жастардың мүмкіндігі мол
Бұл туралы «Референдум- 2026» онлайн марафонында филология ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлы айтты.

«Жастарымыз үшін ең бастысы – мемлекет алдындағы жауапкершілік. Сонымен бірге білім мен инновация, ұлттық мәдениетті жоғары деңгейде сақтау қажет. Біз жастарға сенуіміз керек. Әрбір ірі тұлғалар өзінен кейінгі буынға сенген. Бүгінгі буыннның мүмкіндігін білеміз. Олар шет елдерде болып, түрлі инновациялық шешімдерді жақсы біледі. Жастардан сұрайтынымыз: елде қандай сұраныс пен мүмкіндіктер бар соны игерсеңіздер, болашақта алынбайтын асу болмайды», — дейді ол.
