Деструктивті ағымдарға кімдер ереді?
Деструктивтілік ұғымы латынның «destructio» сөзінен қалыптаса отырып, «бүлдіргіш», «бір нəрсені қайта құрылымдауға тырысушы əрекет» түсінігін береді. Деструктивті діни ағымдар тұлғаның рухани-моральдық, психологиялық тұрғыда кері кетуіне, сондай-ақ қоғамдағы жасампаз дəстүрлер мен мəдениетке, жалпы мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор зиянын тигізеді.
Əлемде көптеген елдер деструктивті діни ағымдардың радикалды іс-əрекеттерінен зардап шегіп отыр. Өкінішке орай, Қазақстан да олардың осындай теріс пиғылдарынан тыс қалмады. Оған Ақтөбе мен Алматы қалаларындағы орыналған жағдай мысал бола алады.
Деструктивті радикалды ағымдардың көсемдері ресми рухани билік өкілдерін, олардың ілімдері мен əдебиеттерін олардың ізін қуушылардың алдында қаралауға бар күшін салады. Сондай-ақ, бұл көсемдер өздерінің жақтаушыларына ресми дін өкілдерін адасушы, күнəһар, дінге жаңалық енгізушілер ретінде көрсетеді. Тек өздерін ғана дұрыс жолда, ақиқат жолын ұстанушылар ретінде дəріптейді. Осындай деструктивті ағымдардың бірі салафизм болып табылады.
Деструктивті діни ағымдардың негізгі белгілері:
1. Діни түсініктерді бұрмалаушылық
2. Ұлттық салт-дəстүрлерді, тарих мен мəдениетті сияқты құндылықтарды жоққа шығару, мойындамау
3. Мемлекеттегі зайырлылық қағидаларды теріске шығару
4. Азаматтық міндеттерді орындамау (мектепке бармау, əскери борышты өтемеу), сондай-ақ, вакцинация сияқты медициналық ем-шаралардан бас тарту.
Салафизмнің Қазақстанда таралуы тəуелсіздік алған жылдардан бастап ең алдымен батыс, оңтүстік өңірлерде көрініс алды. Бұған сол уақыттағы еліміздегі діни еркіндік, қазақстандық жастардың діни білімді шетелде алуы сияқты факторлар ықпал етті.
Бүгінгі таңда бұл деструктивті ағымның негізгі уағыздаушылары өздерінің идеяларын Сауд Арабиясы, БАƏ, Катар сияқты елдерден интернет кеңістігі арқылы таратуда.
2019 жылы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жүргізген «Діни радикализм мəселесі жəне оған қалай қарсы тұру керек» атты əлеуметтанулық зерттеунəтижелерібойыншажастардыңдіниəдебиетке қызығушылығы төмен.
Тек 11,4% діни əдебиеттерді үнемі оқиды, 21,7% сирек оқиды, ал 66,9% мүлдем оқымайды. Жастар дін туралы туыстарынан, достары мен таныстарынан, интернет енбілуді жөн көреді.
Аталған зерттеудің деректері бойынша, қазақстандық жастардың тек 18,6%-ы діндер тарихы, əртүрлі діндер туралы білімді қажет етеді, 34,8%-ы бұл білімге қызығушылық танытады. Қалғандары, дəлірек айтқанда, 46,6% діндердің тарихынзерттеудіоларүшінқажетемесдепсанайды.
Осы əлеуметтанулық зерттеудің мəліметтері жастардың діндер тарихын білуге деген құлшынысының төмендігін көрсетеді. Бұл интернет кеңістігін насихаттау үшін тиімді пайдаланатын радикалды діни идеологияның уағызшыларының алдындағы жастардың осалдығының белгісі.
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы А.Решетня көз монографиясында 2016 жылы студент жастар арасында өткізілген сауалнама деректеріне сəйкес қазақстандық жастардың деструктивті топтарға тартылу себептерінің бірі ауыр материалдық жағдай болып табылады (48,3%).
Тартылу себептерінің келесі деңгейінде террористік ұйымдар тарапынан бопсалау жəне алдау тұр (37,4%). Жастардың едəуір пайызы (үштен бірінің астамы) діни фанатизмды, елге əртүрлі діни қозғалыстардың уағыздаушылары келуін көрсетті. Бұдан кейін зайырлы білімнің төмен деңгейі жəне діни мəдениет пен білімнің төмен деңгейі аталады.
Осылайша, студент жастардың пікірінше, деструктивті діни топтарға тартылудың негізгі себептері əлеуметтік-экономикалық сипаттағы себептер жəне жастарды тарту үшін бопсалау мен алдауды пайдаланатын уағызшылардың белсенді қызметі болып табылады.
Бүгінгі таңда радикалдану идеяларының алдын алу, сондай-ақ БАҚ-пен интернетте насихаттау фактілерін анықтау жəне жолын кесу экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың маңызды бағыттары болып табылады. Осы саладағы шаралар кешені Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналғанмемлекеттік бағдарламада көзделген.
ҚР Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті дін саласында білікті мамандар тобын құра отырып, Қазақстанның өңірлерінде діни радикализмнің таралуының алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруда.
Сондай-ақ, «Каzislam.kz» республикалық интернет-порталымен қатар өңірлік деңгейдегі ақпараттық жұмыс барысында ақпараттық, рухани-ағартушылық жəне мəдени сипаттағы 18 сайт пайдаланылады («Islam-atyrau.kz», Maturidi.kz», «asyldin.kz», religioved.net», asyldin. kz, e-islam-tarmpu.kz жəнет.б.). 2018 жылы əлеуметтік желілер мен интернет кеңістікте 33 мыңнан астам ақпараттық материалдарорналастырылған.
Экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттайтын материалдарды анықтау тұрғысынан бұқаралық ақпарат құралдарына, интернет-ресурстарға, оның ішінде əлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету жəне олардың таралуына заңда белгіленген тəртіппен сот жəне соттан тыс тыйым салу шараларын қолдану жұмыстары жүргізіледі.
Мəселен, терроризм жəне діни экстремизм белгілері бар интернеттегі контентті пайдаланатын қазақстандықтарды анықтау мақсатында тек 2018 жылы 1543 экстремистік арна жəне «Telegram» мен «WhatsApp» интернет-мессенджеріндегі топтар анықталған.
Ұлытау ауданының ішкі саясат бөлімі.