Депутат газетке қолдау көрсетті

Бүгінгі таңда аудандық «Ұлытау» газетіне жазылу жүріп жатыр. Өңір тұрғындары арасынан алдағы жылға баспасөзге жазылу науқанына қолдау білдірушілер де бар.

Жақын арада Ұлытау аудандық мəслихатының депутаты Марфуға Əбілдина жылдағы дəстүрінен жаңылмай, биыл да 2023 жылға – он екі айға аудандық «Ұлытау» үнжариясына жазылуына ұлытаулық бес зейнеткерге, жезділік бес мүмкіндігі шектеулі азаматқа қолдау көрсетті.

Атымтай жомарт халық қалаулысына аудандық «Ұлытау» газетінің редакция ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз.

Аудандық «Ұлытау» газеті редакциясының ұжымы.