Департаментте – жаңа басшы

Роман Юрьевич Ким ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

1970 жылы 21 маусымда өмірге келген.

1998 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде әртүрлі басшылық лауазымдарда болды.

Сондай-ақ, әр жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары және басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы қызметтерін атқарды.

Тағайындалғанға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқарма басшысы болып жұмыс істеген.