Департаментте – жаңа басшы
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) облыс бойынша департаментінің басшысы лауазымына Ерлан Мәлікұлы Жолдыбаев тағайындалды.
Ерлан Мәлікұлы 1978 жылы туған.
Білімі – жоғары. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Алматы экономика және статистика институтының, «Қайнар» университетінің түлегі.
Құқық қорғау қызметінде 20 жылдан астам еңбек өтілі бар. Әр жылдары қаржы полициясы органдарында және Орталық аппаратта, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Ақмола, Ақтөбе, Атырау облыстарында, Астана және Шымкент қалаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жедел және басшылық қызметтер атқарды.
Шені: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі.