Дала төсіндегі еңбек ерлері

Еліміздің халық шаруашылығы саласының басты арқауы – ауылшаруашылығы десек, артық айтпағанымыз. Халықты күнделікті сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуде ауылшаруашылығы секторы аса маңызды рөл атқарады. Дастарқанымыздың сәні – нанның өзі қаншама еңбекпен келеді десеңізші?! Ауылшаруашылығы өнімдерінің басқа түрлері (ет, сүт, жұмыртқа мен көкөністер) өз алдына бір бөлек. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде, әсіресе ауыл еңбеккерлерінің еңбектері ерен. Таңның атысы, күннің батысы дала төсін дүбірге толтыра жүріп, мол өнім алу жолында тер төгетін еңбек майталмандарын нағыз дала ерлері дерсіз. Елімізде еңбек адамдарына деген құрмет пен қошемет қашаннан ерекше емес пе? Қзақстанда жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісінде ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Бұл күні ерте көктемнен бастап, дала майданына араласатын диқандар қауымының еңбек нәтижелері шығады. Ал жыл он екі ай бойы тынымсыз тірліктің бел ортасында жүрген мал өсірушілер де қысқа қамданыстарын аяқтап, қаһарлы маусымға қоңды түсетін мал басын қыстан шығынсыз шығаруға кіріседі. Бүгінгі қатал қысқа тыңғылықты даярлық – ертеңгі мол өнім алудың негізі.

Негізінен ауылшаруашылығымен айналысатын ауданымыз қысқы маусымды тиянақты дайындықпен қарсы алып отыр. Ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында, аудандық ауылшаруашылығы бөлімі қысқаша мәлімет (биылғы жылдың 9 айы бойынша) ұсынған болатын. Аудандағы ауылшаруашылығы саласының дәл қазіргі хал-ахуалы жайлы мәліметті, газет оқырмандарына қаз-қалпында жария етуді жөн санадық.

Ауылшаруашылығы саласы бойынша осы жылдың қаңтар-қазан айларында ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 21711,7 млн.теңге құрады, НКИ 103,6 процент. Оның ішінде мал шаруашылығы 13563,7 млн.теңге, өсімдік шаруашылығы 8145,9 млн.теңге болды. 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында өнімдерінің жалпы шығарылымы 18000,8 млн.теңгені құрады.

Жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы нақты мал басы саны төмендегідей: 2021 жылы қазан айында ірі 52337 бас 102,2 процент. (2020 жылы 51205 бас). Ұсақ мал 133629 бас 103,5 процент, (2020 жылы 129014 бас). Жылқы 43683 бас 115 процент, (2020 жыл).

Статистикалық мәлімет бойынша 2021 жылдың 9 ай қорытындысындағы нақты өнім көлемі: 2021 жылы қазан айында ет (тірі салмақта) 8834,3 тонна 103,9 процент, (2020 жылы 8500,8 тонна). Сүт 31506,9 тонна 106,1 процент, (2020 жылы 29688,2 тонна). Жұмыртқа 945,6 мың дана 112,4 процент, (2020 жылы 841,4 мың дана).

2021 жылға егін жинау барысы мынадай болды. Бүгінгі таңда егістік алқаптың жалпы көлемі 26,2 мың га (2020 жылы 26,0 мың га) құрады (100 процент). Бүгінгі күнге 26,2 мың га егістіктен 20960 тонна өнім алынды. Әрбір гектардың түсімі 8 ц/га (2020 жылы 7 ц/га).

Көкөністің орташа түсімі 160 ц/га болып, 12 га (100 процент) жиналды, алынған өнім көлемі 192 тонна болды (2020 жылы 182 тонна), картоп 160 ц/га болып 43 га жиналды (100 процент), өнім 688 тонна (2020 жылы 600 тонна).

Ауылшаруашылығы саласындағы бағдарламалардың орындалысы төмендегідей: ауданның ауылшаруашылығы техника паркін жаңарту мақсатында 2021 жылы 60 техника алу жоспары бекітілген болатын. 2021 жылдың 9 айында 61 дана (169 процент) техника аудан бойынша сатып алынды, (2020 жылдың 9 айында 36 техника сатып алынған).

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Агронесиелік корпорация» АҚ арқылы 9 жоба 53 млн.теңге несие қаражатын ауданның шаруа қожалықтарын дамыту мақсатында алды. Ауылшаруашылығы қаржылай қоры ішкі өз қаражаты есебінен ауданның шаруа қожалықтарынан түскен сұраныстарын қарап 34 жобаға 525,9 млн.теңгеге 371 бас ірі қара, 233 бас ұсақ мал, 968 бас жылқы малына несиелерін берді. Ауылшаруашылығы бойынша негізгі капиталға инвестиция тарту мақсатында жылдық жоспар 761,2 млн.теңге, 9 ай есебі 631,4 млн.теңге орындалды (101,9 процент). 2020 жылдың 9 айы бойынша 631,2 млн.теңге орындалған.

Жайылымдарды суландыру бағдарламасын орындау мақсатында 45 ұңғыма қазу жоспары бекітілген болатын. Бүгінгі күнге аудан бойынша шаруа қожалықтары 47 ұңғымаларын қаздырып, құжаттарын жинақтап, субсидия алуға жұмыстарын жүргізу үстінде. (2020 жылы 62 ұңғыма қаздырылған болатын).

Селекциялық асылдандыру жұмыстарына өткен 2021 жылдың бүгінгі күнінде 11658 бас аналық ірі қара малы қатысты, мал басына шаққанда 33,5 процентті құрады. Қазақтың ата кәсібімен айналысатын ауданымыздың ауылшаруашылығы саласының биылғы көрсеткіштері осындай. Төл мерекелерін тәп-тәуір даярлықпен қарсы алған ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің алдағы қыстан қысылмай шығып, келер көктемге шығынсыз жетулеріне тілек қосамыз.

Рахымжан ӘДЕНҰЛЫ