Браконьерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Қазақстан Республикасының 09.07.2004 жылғы «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту жəне пайдалану туралы» №593 Заңының 35-бабы 1-бөлігі 1-тармағына сəйкес, кəсiпшiлiк балық аулау құқығы жеке жəне заңды тұлғаларға жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаты болу керектігі туралы көрсетілген.

Осыған қарамастан, Қызылорда облысының 5 тумасы өздерінде балық аулауға ешқандай тиісті құжаттары жоқ екенін жəне балықты заңға қайшы тəсілмен аулайтындарын түсіне тұра, адамдар тобы болып, алдын ала сөз байласу арқылы, өздеріне олжа табу мақсатында балық ресурстарын заңсыз аулап, мемлекетке 1 182 321,9 (бір миллион жүз сексен екі мың үш жүз жиырма бір, тоғыз) теңгеге материалдық залал келтірген.
Жоғарыда көрсетілген құқықбұзушылық бойынша Ұлытау ауданы полиция бөлімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 335-бабы 3-бөлігі 4)-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұлытау ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын тексеріп, қылмыстық істі сотқа жолдап, мемлекеттік айыптауды толығымен қолдады.

Сот отырысында сотталушылар прокурормен процестік келісімге ерікті түрде келіп, іс бойынша жиналған дəлелдемелерді жəне қылмыстың саралануын дауламайтындарын, тағылған айып бойынша кінəлəрін толық мойындайтынын, жасаған əрекеттеріне шын ниетпен өкінетінін көрсеткен.

Нəтижесінде, Ұлытау аудандық сотының 04.07.2023 жылғы үкімімен Қызылорда облысының 5 тумасы адамдар тобы болып, алдын ала сөз байласу арқылы балық ресурстарын заңсыз аулағаны үшін кінəлі деп танылып, оларды балық аулау қызметімен айналысу құқығынан 4 жыл мерзімге айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Мемлекетке келтірілген 1 182 321,9 (бір миллион жүз сексен екі мың үш жүз жиырма бір, тоғыз) теңге материалдық залал толығымен өндірілді. Жоғарыдағылардың негізінде, аудан прокуратурасы аудан тұрғындарын заңсыз балық ресурстарын, басқа да су жануарларын аулау немесе өсiмдiктерін заңсыз алумен айналысуға заңмен тиым салынғандығын жəне ол бойынша Қылмыстық Кодекспен жауапкершілік қарастырылғандығын ескертеді.

Ұлытау ауданының прокуратурасы.