Биыл декларация тапсырмаған жеке кәсіпкерлерге айыппұл салынады
Жалпыға бірдей декларацияны ұсынбаған жеке тұлғаға алғашында ескерту жасалады. Тағы заңбұзушылық анықталса, 15 АЕК көлемінде, яғни 55 380 теңге айыппұл салынады.
Айта кетейік, жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі 2021 жылы басталды. Екінші кезеңі 2023 жылы өтіп, оған дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет және спорт саласында жұмыс істейтін азаматтар мен мен олардың жұбайы кірді. Енді 2025 жылы қалған санаттағы азаматтар тапсырады.