Бітімшершілік — билер даналығы

2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданып, ол 2011 жылдың 15 тамызынан бастап күшіне енді. Билер даналығын үлгі тұтпайтын қазақ жоқ. Халқымыздың билері бүгінгі тергеушінің де, соттың да қызметін атқарып, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін тауып айтып, таласты дауға нүкте қойған. Бүкіл бір ауылдың бірлігін сақтап, тентегін тəртіпке салып, теңқұқылықты қағазға басылған құжатсыз-ақ қалыптастыра білген дала қазыларының тəжірибесі қазір біртіндеп сот құрылымында қолданылып келеді.

Дала заңының бастамашысы болған билер даналығы назарға алына отырып жасалған құқықтық құжаттың негізгі мақсаты тараптар арасындағы татулықты сақтау, ағайындардың арасына сызат түсірмеу, ел бірлігіне, ынтымақтастығына қылау салмау болатын. Одан кейін жыл сайын жүктемесі артып отырған сот жұмысын бітімгершілік арқылы жеңілдету де негізгі міндеттің бірі болды. Əрі медиацияның қолданылуы соттың да, тараптардың да уақытын, қаржылық шығындарын қысқартатын еді.
“Медиация туралы” заң қолданысқа енгенде ауыл, аудан, қалалардағы бірталай беделді ақсақалдар, заңгерлер жұмыспен қамтамасыз етіледі деген де үміттің болғаны анық. Өйткені, заң бойынша бітімгершілік істерін халық арасында кəсіби жəне кəсіби емес медиаторлар атқаруы керек. Алайда, заң қабылданып, медиацияны дамытуға алғашқы қадамдар жасалғанымен кəсіби медиаторлардың аздығы, кəсіби емес медиаторлардың жоқтығы бұл бастаманың алға жылжуына, кең қолданылуына кедергісін тигізеді. Ақпарат құралдарында сот тарапынан медиацияның артықшылықтары жан-жақты түсіндіріліп, насихат жұмыстарын тұрақты жүргізілгенмен, жаңалықты қолдауға құлшыныс білдіргендер көп бола қойған жоқ. Ал Ұлытау ауданы бойынша ондай құлшыныс болмады десек те болды. Өйткені, біздің ауданда əлі күнге дейін осы іске ықыласымен кірісіп жүрген небір кəсіби, небір кəсіби емес медиатор жоқ. Бұған бұрын дауларын тек сот арқылы шешіпүйренген халықтың ішкі сенімдері де кедергісін тигізгені анық. “Дауды əділ шешудің негізгі – сот” деп түсінетін халық жаңалықтары қолданып, өз мəселелерін бітімгершілікпен шеше қоймауы да сондықтан.
Міне, осыған орай, медиацияның артықшылығын, тиімділігін пайдалану үшін сот жүйесі тарапынан пəрменді бір шараның қажеттілігі енгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне жаңадан “Татуластыру рəсімдері” деген тарау енгізіліп, оның 179-бабында дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу, яғни оның ішінде дауды судьяның қатысуымен реттеу жолы көзделген.

Осы жаңа заңға байланысты тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін сотқа дауды медиация тəртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы.

Медиация «Медиация туралы» заңға жəне Азаматтық процестік кодексте белгіленген ерекшеліктерге байланысты өткізіледі. Іс жүргізуіндегі іс жатқан судья дауды медиация тəртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексереді, оны бекіту жəне іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады. Егер тараптар медиация тəртібімен келісімге қол жеткізбесе немесе келісімнің шартын сот бекітпесе, істі талқылау жалпы тəртіппен жүргізіледі. Татуласу келісімін жасасқан тұлғалар осы келісімде көзделген тəртіппен жəне мерзімдерде ерікті түрде орындайды. Ерікті түрде орындалмаған келісім татуласу келісімін жасасқан тұлғаның өтінішхаты бойынша сот берген атқару парағының мəжбүрлеп орындатуға жатады.

Сөйтіп, барлық судьялар алдына келген азаматтарға алдымен дауды медиация арқылы шешуге болатынын, оның тиімді жақтарын айтып, ұсыныс жасауды жолға қойды. Судьялар жəне қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар тараптары қандай да болмасын нысанда медиацияға мəжбүрлеуге құқығы жоқ. Дегенмен, жан-жақты өздері сыйлап, олардан əділеттілік күтетін судьялардың аузынан есту азаматтарға дауларын медиация тəртібімен шешуге қозғау салатыны анық.

Ақмаржан ҚАЛЕКЕНОВА,

Ұлытау аудандық

сотының бас маманы.