БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Биыл Ұлытау облысында 4500-ден астам бала мектеп табалдырығын аттайды. 1 сәуірден бастап өңірдің барлық білім беру ұйымында 1-сыныпқа қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Өзгерістерге байланысты құжаттарды 31 тамызға (осы уақытқа дейін 1 тамызға дейін қабылданған) дейін өткізуге болады. Сондай-ақ даярлық топтарына құжат 1-31 тамыз аралығында қабылданады.

Білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын баланың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттар

eGov.kz. порталы арқылы немесе білім беру ұйымының кеңсесі арқылы қабылданады.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне сәйкес келесі құжаттарды өткізу талап етіледі:

1) ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші;
2) «Профилактикалық екпелер картасы» № 065/у нысанды және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.
4) білім беру ұйымының кеңсесіне құжат өткізген жағдайда түпнұсқаны сәйкестендіру үшін жеке басын растайтын құжат (ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат көрсетіледі.