Берік Әбдіғалиұлына «Қауіпсіздік әліппесі» жобасы таныстырылды

Ұлытау облысының әкімдігінде балалар жарақатының алдын алуға және азайтуға, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Қауіпсіздік әліппесі» жобасының тұсаукесері өтті.

Жобаның мақсаттары мен міндеттері туралы аймақ басшысына «Тәуекел» мүгедектер қоғамы» ҚБ төрағасы, Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты Асқар Қошанов айтып берді. Сондай-ақ, іс-шараға облыстық басқармалардың басшылары және Ұлытау облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының м.а. қатысты.

«Қауіпсіздік әліппесі» жобасының жаңа бағыты өскелең ұрпақ арасында ЖҚЕ профилактикасын жетілдіріп қана қоймай, балалардың ата-аналарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауына жол ашады. Кездесуде атап өткендей, жоба – қазіргі таңдағы ахуалға байланысты сұранысқа ие.

Бұл ретте Берік Әбдіғалиұлы жобаны болашақта Сәтбаев қаласында салынып жатқан оқушылар сарайының аумағында орналастыру мүмкіндігін қарастыру жолдарын пысықтауды тапсырды.

А.Қошанов атап өткендей, бұл бағдарлама балалар мен жасөспірімдердің жолдағы жүріс-тұрыс мәдениетін, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық өзін-өзі тануды қалыптастыруға, сондай-ақ автомобильдердің көбеюіне байланысты халықтың бейімделуіне бағытталған.