Берік Әбдіғалиұлы жұмыс бабымен Талап ауылына барды

Өңір басшысы алдымен Центральная көшесінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.

Облыс әкіміне мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт шеңберінде Центральная көшесінің қиылысында  жалпы ауданы 1684 шаршы метр асфальт төсеу жұмыстарының аяқталғаны жөнінде айтылды.

Ендігі кезекте аталған көшеде 1128 шаршы метр асфальтбетон жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ ол жерде жалпы ауданы 282 шаршы метр тротуар салынады. Жұмыстарды 2023 жылдың 30 қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, облыс әкіміне Молодежная көшесінде жарықтандыру бойынша атқарылған жұмыстар баяндалды.

Бүгінде мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартқа сәйкес Молодежная көшесінде 14-ке жуық тірек пен 20-дан астам жарықдиодты шам орнатылды. Алдағы уақытта Талап ауылының басқа да учаскелерінде жарық шамдарын ауыстыру бойынша жұмыстар жалғасады.

Облыс әкімі жауапты сала басшыларына жөндеу жұмыстары бекітілген кестеден кешіктірілмей уақытылы әрі сапалы орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.