Берік Әбдіғалиұлы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласовпен кездесті

Ұлытау облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов келді.

Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының ҚР Қорғаныс министрінің орынбасарымен кездесуінде Ұлытау облысының қорғаныс істері департаменті құрылысына бөлінген жер учаскесі мәселесі талқыланды.

Сондай-ақ, генерал-лейтенант М.Таласов облыстық жинақтау пунктіне және Жезқазған қаласының әуежай маңында орналасқан 44803 әскери бөлімінің ротасына барды.