Берік Әбдіғалиұлы қазақ күресінен әлем чемпионы Айдын Дартаевты және қазақ күресінен облыстық құраманың аға жаттықтырушысы Асыл Барменовты қабылдады
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы қазақ күресінен әлем чемпионы Айдын Дартаевты және қазақ күресінен облыстық құраманың аға жаттықтырушысы Асыл Барменовты қабылдады.
Өзінің құттықтау сөзінде Берік Әбдіғалиұлы балуанға оның спорттық жетістіктері біздің облысты бүкіл елге және одан да тыс жерлерде дәріптеуге көмектескені үшін алғыс білдірді. Өңір басшысы мұндай жетістіктер тек қажырлы жұмыс пен жаттықтырушылар штабының шебер басшылығының арқасында мүмкін болатынын атап өтті.
«Сіздің әлем чемпионатындағы соңғы жеңісіңіз — жаңадан бастаған спортшылар үшін жанқиярлықтың жарқын үлгісі», — деді Ұлытау облысының әкімі.
️ Берік Әбдіғалиұлы сондай-ақ Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес облыста спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Жақында бекітілген Кешенді жоспардың арқасында өңірде жақын арада жаңа спорт нысандары пайда болады.
️ Қазіргі уақытта Ұлытау облысының барлық қалалары мен аудандарында күрес түрлері жоғары деңгейде дамуда. Жас спортшының алтын медалі — осының айқын дәлелі.
️ А.Барменов пен А.Дартаев өз кезегінде өңір басшылығына бұқаралық спорт түрлеріне, оның ішінде ұлттық спорт түрлеріне көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл желтоқсан айында Астанада өткен қазақ күресі бойынша әлем чемпионатында А.Дартаев 82 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынға ие болды.