Батыр аналар құрметке бөленді

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай және халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында биыл «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің қызметкерлері өз үлестерін қосты. Ұжым қызметкерлері мереке қарсаңында биылғы жылдан бастап «Алғыс айту» марафонын ұйымдастырды. Марафонның негізгі мақсаты – музей қызметкерлерінің аналарына, әжелеріне және де бұрын еңбек еткен аналарға құрмет көрсетіп, мерекелік сыйлық жасау болды. Осы үрдіс жыл сайын Алғыс айту күнінде өткізіледі деп жоспарлануда.

Алғашқы өткізілген марафон аясында Шәйжамал Досанова, Айткүл Темірбекова, Райхан Күжімова, Балайым Үсенова, Ажаркүл Малгелдина, Қуаныш Қыдыкенова, Сарқыт Жаңғасқанова, Күлай Оспановаға ұжым қызметкерлері гүл шоқтарын ұсынып, мерекелік сый-сияпаттар жасады. Ұжым қызметкерлеріне аналар жылы лебізін білдіріп, ақ батасын берді.

Азат САБЫРЖАН,

«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің басшысы.