Басты құжат өзектілігімен құнды

2024 жылғы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы елдің дамуындағы ерекше бастамаларымен ерекшеленді. Сонымен қатар 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды.

Яғни, халық арасындағы өндіріс, ауыл шаруашылық, жұмысшы және басқа да салалардағы мамандардың маңыздылығын алға тартты. Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау арқылы халық арасындағы жұмысшы мамандықтарының беделі артары сөсзіз. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы еліміздің экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан дамуына бағытталған нақты қадамдардан құралды деп есептеймін. Бұл Жолдауда сонымен қатар білім беру мен денсаулық сақтау салаларына қатысты реформалар да аталып өтті.

Серік ТАШЕНОВ,
Ұлытау ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы.