БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Жобаны іске қосу жөніндегі баспасөз конференциясы:
«Қазақстан жастары арасында лудоманияның (ойынға тәуелділік) алдын алуға бағытталған кешенді шаралар».

Күні: 2025 жылғы 13 маусым
Уақыты: 11:00 (Астана уақытымен)
Форматы: Онлайн (Zoom платформасында)
Ұйымдастырушы:
«Қазақстан Экологиялық Қоры» қоғамдық қоры
Қолдау көрсеткен: «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ
Қаржыландыру: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Іс-шараның тақырыбы:
Мемлекеттік грант аясында жүзеге асырылатын, жастар арасында ойынға тәуелділіктің (лудомания) алдын алуға бағытталған әлеуметтік жобаның басталуы. Жоба ақпараттық-ағартушылық, кеңес беру және профилактикалық бағыттарды қамтиды.
Баспасөз конференциясының мақсаты:
 Жобаның мақсаты мен міндеттерімен жұртшылықты таныстыру;
 Жоспарланған іс-шаралар мен кезеңдерді ұсыну;
 Негізгі серіктестер мен сарапшыларды таныстыру;
 БАҚ өкілдері мен мүдделі тараптардың сұрақтарына жауап беру.
Жобаның негізгі құрамдас бөліктері:
 Ақпараттық-ағартушылық материалдарды әзірлеу және тарату;
 Оқу орындарында онлайн және офлайн тренингтер, семинарлар мен дәрістер өткізу;
 Психологиялық көмек желісін және онлайн-кеңес беруді іске қосу;
 Психологтар мен жастар көшбасшыларын тарту.
Баспасөз конференциясының спикерлері:
1. «Қазақстан Экологиялық Қоры» ҚҚ президенті – Абдуәлиева Айгүл Қадесқызы
2. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті КЕАҚ жастар саясаты бөлімінің бастығы – Гусенов Бархудар Шахгусенұлы
3. Психологтар, тәуелділік бойынша мамандар, жастар белсенділері
Тіркелу және қатысу:
Баспасөз конференциясына қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.
Қатысу сілтемесі тіркелген қатысушыларға іс-шара қарсаңында жіберіледі.
БАҚ аккредитациясы мен сұрақтар бойынша байланыс:
mae_astana@mail.ru
+7 (771) 072-47-90
+7 (708) 931-07-89