Бас жүлде пәтер: «Qazaqstan» телеарнасы садақшылар сайысына қатысуға шақырады

Күзгі жаңа телевизиялық маусымда «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан ұлттық спортқа арналған «Мергендер мекені» бағдарламасы эфирге шығады. Реалити-шоу форматындағы ауқымды жобаның мақсаты – ұлттық садақ ату өнерін қайта жаңғыртып, спорттың осы түрімен айналысатын қазақстандықтарды насихаттау.

Жоба барысында республиканың әр өңірінен қатысушылар дәстүрлі садақ атудан сайысқа түсіп, мергендігін сынайды. Телевизиялық сайыс финалында озық шыққан жеңімпазға демеушілер есебінен Астана қаласынан пәтер сыйға беріледі.

Жобаға 15 жастан асқан қазақстандықтар қатыса алады. Өтінімдер qazaqstan.tv сайтында 2023 жылғы 18 маусымнан бастап 12 шілдеге дейін қабылданады.

Жобаның іріктеу кезеңдері еліміздің 17 облысы мен 3 қаласында өтеді:

9 шілде — Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында (Жезқазған, Павлодар, Семей, Өскемен, Талдықорған);
13 шілде — Бурабайда (Астана, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Қарағанды).

Өтінімдер қабылдау әр аймақтағы түсірілім күнінен екі тәулік бұрын тоқтатылады. Ел бойынша әр облыс пен қаладан 10 садақшыдан (ерлер және әйелдер) іріктеледі. Жоба ережесі бойынша әр аи‌мақта жарысқа қатысушыларды дайындайтын тұрақты кеңесші жəне жаттықтырушы кəсіби садақшылар болады. Тұрақты кеңесшісі — Дәстүрлі садақ ату федерациясының вице-президенті, Қазақстанның аға жаттықтырушысы Диас Ахметов.

Жоба финалы 27 шілдеде Астана қаласында өтеді деп жоспарланған.
Қосымша сұрақтар бойынша 8 (747) 900 00 09 нөміріне хабарласа аласыздар.