Басқармада – жаңа басшы

Кенжеболат Әкімұлы Арыстанғали – 23 тамыз 2023 жылдан бастап Ұлытау облысының еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Кенжеболат Әкімұлы 1984 жылы Жанаарқа ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде түрлі қызметтерді атқарды.

2013 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жаңаарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы.

2016-2019 жылдарда бастап Жаңаарқа ауданы қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары және төрағасы болып жұмыс істеді.