Бұл – еліміз үшін нағыз қасірет – Президент

Соңғы үш жылда жол апатының саны 9 пайызға өсті. Оның салдарынан 6,5 мыңнан астам азамат қаза тауып, 55 мыңнан астамы жарақат алған.

«Біз жыл сайын ірі елді мекендердің халқынан айырылып отырмыз. Бұл – еліміз үшін нағыз қасірет. Біз адамдардың өмірі мен денсаулығы ең басты құндылық екенін үнемі айтамыз. Сондықтан жағдайды түзеу үшін жүйелі шаралар қабылдау керек. Ең алдымен, барлық азаматтың назарын жол жүру ережесін мүлтіксіз сақтауға аудару керек», – деді Тоқаев ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде.