Бұқара бұйымтайы ескерусіз қалмайды

Ұлытау облысы әкімінің қабылдауында барлығы үш адам жүгінген. Тұрғындардың басты мәселелері энергетика және ТКШ, экология және денсаулық сақтау, туризм және мәдениет салаларына қатысты болды.

Кездесуге келіп түскен бір өтінішті облыс әкімі ұжымдық түрде қабылдады. Жезқазған кентінен қоныс аудару мәселесімен келген бірнеше отбасы жазылған. Бүгінгі таңда төрт отбасы қаржылық себептерге байланысты құлау қаупі өте жоғары аймақтан қоныс аудара алмай отыр. Өтемақыларын қолдарына алмаған тұрғындар Ұлытау облысының әкіміне жүгінді. Бұл ретте арнайы түсіндіру үшін кездесуге облыстық прокуратура мен ТЖ департаментінің қызметкерлері, Сәтбаев қаласының әкімі шақырылды.

Қоныс аудару мәселесімен бұған дейін Қарағанды облысы да айналысқанын атап өткен Берік Әбдіғалиұлы құзыретті органдармен бірге аталған жағдайды реттеуге және қоныс аударушыларға тиесілі өтемақы сомасын өтеу мүмкіндігін қарастыруға уәде берді. Одан бөлек, алаяқтық фактілері анықталса, кінәлілер жазалануы керектігін алайда ол үшін прокуратура қызметкерлерімен бірге мәселені мұқият зерделеу қажеттігін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Б.Әбдіғалиұлы әр бейсенбі сайын сағат 17:00-ден бастап азаматтарды қабылдайды. Алдын ала жазылу 8 (7102) 73-56-41 телефоны бойынша жүзеге асырылады.