Қазақ қызы «Славян базары» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды
Қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова «Славян базары» байқауының Гран-приін жеңіп алды.
2015 жылы «Славян базарында» топ жарған әлемге әйгілі Димаш Құдайберген де биылғы ән байқауына қазылық еткен болатын. Айта кетейік, 22 жастағы Рухия Байдүкенова Талдықорғанның тумасы. Ол ән айтумен бала кезінен айланысқан. Қазір бойжеткен Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша үшінші курста оқиды.