Қазақстанда Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланады
Қазақстандықтар Наурыз мейрамын жыл сайын он күн бойы 14-23 наурыз аралығында тойлай алады. Мереке онкүндік «Наурызнама» деп аталды.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаевтың айтуынша, «Наурызнама» онкүндігі Наурыз мейрамының мән-мағынасы мен мазмұнын байытып, түрлі мәдени және дәстүрлі іс-шараларды қамтиды.