Қазақстанда еріктілер қозғалысы қоғамдық өмірдің ажырамас бөлшегіне айналды – Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына үндеу жолдады.

«Еріктілер қозғалысы Орнықты даму мақсаттарына жету жолындағы азаматтық белсенділік пен прогреске ықпал ететін ізгі амалдың жасампаздық қуатына айналарына кәміл сенеміз. Қазіргідей алмағайып заманда еріктілер адам өмірін сақтау, қиындыққа душар болған жандарға жәрдемдесу, қоғамдағы сенім мен ынтымақты нығайту арқылы аса маңызды миссия атқарып келеді», – деді Президент үндеуінде.
БҰҰ Еріктілер бағдарламасы дүние жүзінің әр қиырында қызмет етеді.
