Қазақстанда барлық банк үшін бірыңғай QR-код іске қосылмақ

Бұл – ұлттық банк пен ұлттық төлем корпорациясының пилоттық жобасы.

Жоба азаматтарға QR-кодпен кез келген банктің терминалы арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта қатысушы банктер кезең-кезеңімен қосылып жатыр.

Ал келесі жылы жаңа қызмет кеңінен жұмыс істейтін болады.