Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасы жарияланды

 

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын жариялады.

Аталған құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан келіп түскен ұсыныстарды жан-жақты талдау, ашық қоғамдық талқылаулар өткізу, сондай-ақ жаңа нормалар мен ережелерді мұқият пысықтау нәтижесінде әзірленді.